Тұтынушылардың Procter & Gamble веб-сайттарын пайдалану шарттары

Пайдалану шартының толық нұсқасын мына жерден немесе төмендегі кестеден қараңыз

Соңғы жаңартылған: Ақпан, 2016

МАЗМҰНЫ

Procter & Gamble компаниясы не оның серіктестері, бөлімшелері, уәкілетті тараптары, ізбасарлары, брендтері, лицензия берушілері, лицензия иеленушілері және/немесе агенттері ("P&G," "Procter & Gamble" немесе "біз") басқаратын веб-сайттар желісі (жинақтап айтқанда, "веб-сайттар", "сайттар" немесе "сайт") әр түрлі веб-сайттар мен веб-беттерден тұрады. Бұл жердегі шарттар, жағдайлар және ескертпелер (жинақтап айтқанда, "Шарттар") барлық P&G веб-сайттарына қатысты. Сонымен қатар, бұндай сайттар арқылы ұсынылатын нақты P&G веб-сайттары немесе мүмкіндіктері және әрекеттер (мысалы, акциялар және чат бөлмелері тәрізді) аталмыш сайттарда берілетін қосымша шарттарға ("Қосымша шарттар") тәуелді және олардың барлығы осы жерде анықтама ретінде берілген. Егер осы жерде берілген шарттардың кез келгені кез келген нақты P&G веб-сайтындағы Қосымша шарттарға қайшы келсе, онда Қосымша шарттар басымдыққа ие болады.

Шарттар кез келген P&G веб-сайтында берілген, бұл жағдайда Қосымша шарттар басымдыққа ие болады.

ОСЫ ВЕБ-САЙТТЫ НЕМЕСЕ БАСҚА P&G ВЕБ-САЙТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА ТӨМЕНДЕГІ ШАРТТАРДЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. Сіз ("Пайдаланушы") шарттар мен тиісті Құпиялылық саясатын ешбір өзгертусіз қабылдасаңыз ғана P&G веб-сайттарын пайдалана аласыз. Осы сайтқа немесе басқа сайтқа кіру немесе пайдалану арқылы бұл шарттарға және тиісті Құпиялылық саясатына келісім бересіз. Бұл шарттарға келіспесеңіз, бұл сайтты немесе басқа кез келген сайтты пайдаланбаңыз.

Толық ақпаратты осы Шарттардың Қолданыстағы заңдар және келіспеушіліктер бөлімінен қараңыз.

Жоғарғы жаққа.

Құпиялылық

P&G веб-сайттарын пайдалану сонымен қатар P&G тұтынушы құпиялылық саясаты ("Құпиялылық саясаты") құжатының шарттарына бағынады. Егер сайттың қосымша жеке құпиялылық саясаттары бар болса ("Қосымша құпиялылық саясаттары"), онда осы сайтты пайдаланған кезде, сол Қосымша құпиялылық саясатына жүгіну керек. P&G тұтынушы құпиялылық саясаты мен Қосымша құпиялылық саясатының әр қайсысы "Құпиялылық саясат" болып табылады.

Біздің сайттарға кіргенде, веб-беттерді қарағанда және сілтемелерді басқанда, cookie және басқа технологияларды қолданып, ақпарат, соның ішінде IP мекенжайыңыз туралы ақпарат жинаймыз. Сондай-ақ, сізге электрондық хабар жібергенде, осы хабарды алғаныңызды білу үшін сандық cookie файлдарын қоса жібереміз. Сookie файлдарын веб-браузеріңіз арқылы жойып немесе олардан бас тартуға болады. Біз бұл ақпаратты, сонымен қатар сайтқа тіркелген кезде немесе басқа жолмен берген ақпараттарыңызды, сізге қызықты болуы мүмкін деген ақпараттарды Құпиялылық саясатына сәйкес жіберу үшін қолданамыз. Cookie файлдары туралы көбірек білу үшін мына жерді түртіңіз .

Жоғарғы жаққа.

Сайттарды жеке мақсатта пайдалану

Егер басқаша көрсетілмесе, сайт сіздің жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалануыңызға арналған. Сайтта берілген кез келген мазмұнды немесе байланыс ақпараттарын ("Мазмұн"), соның ішінде және бұнымен шектелмей, мәтінді, сызбаларды, фотосуреттерді, кескіндерді, анимациялық кескіндерді, дыбыс, иллюстрацияларды, ақпаратты, бағдарламалық жасақтаманы, өнімдерді немесе қызметтерді, алдын ала келісім алмай, өзгертуге, көшірмесін жасауға, таратуға, жіберуге, көрсетуге, сахнада көрсетуге, қайта жасауға, жариялауға, лицензиямен беруге, туынды көшірмелер жасауға, тасымалдауға немесе сатуға болмайды. Сіз кез келген мазмұнды рұқсатсыз пайдалансаңыз, бізді орны толмас шығынға батырасыз және бұлай рұқсатсыз пайдаланған жағдайда, сотпен шектеу қоюмен қатар, заңдағы қолдануға болатын барлық мүмкіндіктерді қолданатынымызға келісім бересіз. Cайттағы нақты материалға қатысты шектеулерді ескере отырып, Мазмұнның бөліктерін коммерциялық емес мақсатта пайдалану немесе бізге тапсырыс жіберу үшін электронды түрде көшіріп алуға және/немесе басып шығаруға болады. Мазмұнды жазбаша рұқсат алмайынша, басқа кез келген мақсатта пайдалануға, өзгертуге, қайта жасауға, таратуға, қайта басып шығаруға, көрсетуге немесе жіберуге қатаң тыйым салынады.

Сіз өнім сипаттамаларын, суреттерін, тізімдерін немесе бағаларын коммерциялық емес мақсатта өзіңіз үшін немесе бізге тапсырыс беру үшін ғана жинауға және/немесе пайдалануға келісім бересіз.

Сіз сайттың ешбір бөлігін қайта жасау, көшірмесін жасау, көшіріп алу, сату, қайта сату немесе коммерциялық мақсатта пайдаланбаймын деп, соның ішінде және бұнымен шектелмей, ешбір роботты, өрмекшіні немесе басқа автоматтандырылған құралмен ақпарат жинамаймын деп келісім бересіз. Бұл сайтты немесе сайттың кез келген ақпаратын немесе материалын, алдын ала жазбаша келісім алмайынша, жақтауға салып, "кірістірілген" байланыстыру немесе осыған ұқсас құралмен басқа веб-сайтта көрсетуге тыйым салынады. Бұл веб-сайтқа жасалған кез келген рұқсат етілген сілтеме, барлық қолданыстағы заңдарға, ережелерге және стандарттарға сәйкес келуі керек. Сіз біздің немесе осы сайтта көрсетілген кезде келген өндірушінің атауын немесе сауда белгілерінің ешбірін алдын ала жазбаша рұқсат алмайынша метатегтер немесе басқа "жасырын мәтін" түрінде көрсетпеуге тиіссіз. Сонымен қатар, келесі әрекетті орындамаймын деп келісім бересіз: (a) біздің атымыздан әрекет етпеуге немесе біздің инфрақұрылымға шектен тыс немесе себепсіз жүктеме салмауға; (b) сайттың жұмысына немесе сайт арқылы іске асырылатын кез келген әрекетке кедергі жасамауға немесе кедергі жасауға әрекеттенбеуге; немесе (c) біз сайтқа кіруге қоятын шектеулердің кез келгенін айналып өтпеуге.

Жоғарғы жаққа.

Пайдаланушы жазылымдары

Бұл шарттар P&G веб-сайттарына ("Жазылым") қатысы бар кез келген мәтін, фотосурет, бейне, пост, байланыс, музыка, аудио/дыбыс жазылымдары, өнер туындылары, рейтинг, шолу немесе басқа материалдарға байланысты сіздің және P&G әрекетін, құқықтарын басқару үшін қолданылады. Жазылымды жібере отырып, келесіге келісім бересіз:

  • Жазылым түпнұсқа, нақты, сіз дайындаған және жасанды адам атынан дайындалмаған;
  • сіз қазір Жазылымыңызда көрсетілген P&G өнім(дер)ін пайдаланушысыз және Жазылымда сіздің P&G өнім(дер)і туралы шынайы пікіріңіз бен ағымдық тәжірибеңіз көрсетілген;
  • сіз кәмелет жасына толғансыз, егер толмаған болсаңыз, ата-анаңыз немесе заңды қамқоршыңыз жазылымыңызға келісім беруі керек;
  • сіз P&G қызметкері емессіз немесе P&G серіктесі немесе агенті P&G өнімдері акциясын тарату және/немесе P&G өнімдерін сату үшін жұмысқа қабылдамаған; НЕМЕСЕ, егер P&G қызметкері болсаңыз немесе P&G серіктесі немесе агенті P&G өнімдері акциясын тарату және/немесе P&G өнімдерін сату үшін жұмысқа қабылдаған болса, Жазылымыңызда P&G компаниясымен қарым-қатынасыңызды көрсетуіңіз керек;
  • сіздің Жазылымыңыз (немесе оның кез келген бөлігі) P&G немесе кез келген үшінші тараптың жарнамалық немесе акциялық материалына кіргізілмеген немесе кіргізу үшін жоспарланбаған;
  • Жазылымыңыз ешбір алдын ала төлемақы алмай немесе ұсынған Жазылымыңыз үшін төлемақы аласыз деген сөз берілмей жіберілген. Жазылымыңыз сонымен қатар сіз алдын ала пайда көргеннен кейін немесе келешекте пайда көресіз деген мақсатта жіберілмеген және оны P&G акция жүргізу мақсатында ғана қолдануы мүмкін. Немесе, егер пайда тапқан болсаңыз, Жазылымыңызда қандай пайда көргеніңізді нақты көрсетуіңіз керек;
  • Жазылымыңыз жалған, шатастыратын, тіл тигізетін, жөнсіз, дөрекі, әдепсіз, орынсыз, басқаны айыптайтын, өсектейтін, атына кір келтіретін, ар-ұжданына нұқсан келтіретін, басқаша айтқанда орынсыз болмауы керек;
  • Жазылымыңызда кез келген үшінші тараптың авторлық құқықтарына, патентіне, сауда белгісіне, сауда құпиясына, жариялылық құқығына, моральдық құқықтарына және/немесе басқа да жеке немесе меншіктік құқықтарына нұқсан келтіретін мазмұн болмауы керек;
  • Жазылымыңызда кез келген заңды, заң актілерін, ережені немесе стандартты бұзатын мазмұн немесе кез келген заң, заң актілері, ереже немесе стандартты бұзып, қылмыстық немесе азаматтық заң бұзушылыққа әкелетін әрекеттерге итермелейтін, қолдау көрсететін нұсқау беретін материалдар болмауы керек;
  • Жазылымыңызда жеке адамға немесе топқа бағытталған, жек көрушілікті көрсететін сөздер немесе жеке адамға, серіктестікке, корпорацияға немесе саяси тұлғаға бағытталған қоқаң-лоққы жасайтын немесе заңсыз қудалауға арналған материалдар немесе мәтін болмауы керек;
  • Жазылымыңызда арандатушылық немесе басқаларды теріс жолға бағыттайтын, мысалы, форумда монополия жасап, үстемдік ету мақсатында бірнеше жазылымды пост ретінде шығару немесе форумның тақырыбына сәйкес келмейтін жазылым постын жасауға арналмаған болуы керек;
  • Үшінші тарап веб-сайттарын, мекенжайларын, эл. пошта мекенжайларын, байланыс ақпаратын, телефон нөмірлерін, басқа жеке адамның анықталмаған немесе жеткілікті түрде анықтауға болатын ақпаратын немесе жеке деректерін (соның ішінде, құпия ақпарат) осы тараптардан айтылған ақпараттарды P&G компаниясымен бөлісу туралы келісім алмайынша жазылымыңызда көрсетпеуіңіз керек;
  • Жазылымыңызда троян вирустары, вирустар, зиянды кодтар немесе басқа да ақпаратқа зақым келтіретін деректер, бағдарламалар немесе файл қамтылған материал болмауы керек; және
  • P&G сіздің жазылымыңызды пайдаланғанда, осы шарттарды бұзбайтын және ешбір жеке адамға немесе тұлғаға зардап шектірмейтін болуы керек.

Егер жазылымыңыз акцияға, лотереяға, жарысқа, қайырымдылық шараларға немесе сол сияқты бағдарламаға қатысты болса, Қосымша шарттар қолданылуы мүмкін. Жазылымда көрсетілген немесе сайт арқылы қолжетімді етілген кез келген пікір, кеңес, тұжырымдама, қызмет, ұсыныс не басқа ақпарат, P&G компаниясынікі емес, тиісті автор(лар)ға немесе дистрибьютор(лар)ға тиесілі болып табылады. Біз бұндай жазылымның нақтылығы, толықтығы немесе пайдалылығы туралы ешбір кепілдік бермейміз.

P&G компаниясы пайдаланушылар пост ретінде жариялаған немесе сайтқа кіру арқылы жасаған жазылымдардың барлығына шолу жасай алмайды және бұндай жазылымдардың мазмұны үшін ешбір жауапкершілік көтермейді. Сізге сайтта жинақталған, пайдаланушылар жасаған мазмұнды көруге және таратуға мүмкіндік беру арқылы, P&G осы сияқты ақпарат таратудың пассивті көзіне ғана айналып отырғанын және жазылымдардың мазмұндарына немесе сайттағы әрекеттерге қатысты ешбір жауапкершілік көтермейтінін ескертеді. P&G пост ретінде жазылым шығаруға немесе жазылым(дар)ды пайдалануға ешбір міндеттеме алмайды. (a) Басқаға тіл тигізетін, ар-ұжданға нұқсан келтіретін, орынсыз (b) жалған, алдамшы немесе шатастыратын, (c) авторлық құқыққа не сауда белгісіне нұқсан келтіретін, немесе; басқаның зияткерлік меншік құқығына немесе (d) заңнама немесе ережені бұзатын немесе (e) дөрекі не орынсыз жазылымдарды бұғаттау немесе алып тастау құқығын P&G тек өзінде сақтап қалады. Кез келген жеке адамды айғақтайтын ақпарат көрсетілетін пост жарияласаңыз немесе жіберсеңіз, оны Procter & Gamble компаниясы Procter & Gamble Құпиялылық саясаты бойынша қарастырады.

Біз Құпиялылық саясатымыздың аясында жинайтын жеке тұлғаны айғақтайтын ақпараттан басқа жазылымдардың барлығы құпия емес және меншікке жатпайды деп қарастырылады. P&G жазылымдарға қатысты ешбір жауапкершілікті көтермейді.

Жазылымды жіберу арқылы мынаның әрқайсысы үшін P&G компаниясына жеке-жеке келісім бересіз:

  • Пайдалану, мониторинг жасау, шолу, қайта жасау, өзгерту, бейімдеу, жариялау, аудару, туынды жұмыстар жасау, тарату, жіберу, көрсету және осы сияқты жазылым(дар)дың сахналық көрінісін, толық немесе жартылай, кез келген тәсіл, пішім не технология арқылы, онлайн немесе дербес күйде, қазір белгілі немесе кейін белгілі болатын, кез келген жолмен және бұнымен шектелмей, жалпыға ортақ қарау және/немесе түсіндірме жазу (P&G веб-беттерінде немесе үшінші тараптың веб-беттерінде), жариялау, маркетинг, мерчендайзинг жасау, жариялылық және коммерциялық мақсатта пайдалану үшін және сізге қосымша ескерту не төлем жібермей не рұқсат алмай (заң бойынша тыйым салынған жағдайлардан басқа жағдайда) әрекет етуге мүмкіндік беретін құқық немесе лицензия;
  • Атыңызды, лақап атыңызды, пайдаланушы атыңызды, биографиялық деректеріңізді, сіз дауыстап жазған жазылымдарды және/немесе кез келген иллюстрацияларды, фото немесе бейнежазбаларды, портреттерді, суреттеріңізді немесе осыған ұқсастарды немесе кез келген сіздің жариялылық құқықтарыңызды (жинақтап айтқанда, "Сіздің жеке мазмұныңыз"), толық немесе бұрмаланған түрде немесе басқа шығармашыл жұмысқа не авторлық жұмысқа енгізілген түрде, кез келген тәсіл, пішім не технология арқылы, онлайн немесе дербес күйде, қазір белгілі немесе кейін белгілі болатын, кез келген жолмен және бұнымен шектелмей, жалпыға ортақ қарау және/немесе түсіндірме жазу (P&G веб-беттерінде немесе үшінші тараптың веб-беттерінде), жариялау, маркетинг, мерчендайзинг жасау, жариялылық және коммерциялық мақсатта пайдалану үшін және сізге қосымша ескерту не төлем жібермей не рұқсат алмай (заң бойынша тыйым салынған жағдайлардан басқа жағдайда) пайдалануға мүмкіндік беретін құқық немесе лицензия;

Сонымен қатар, жазылымыңыздағы жоғарыдағы тізімде көрсетілген кез келген тармаққа қатысты моральдық құқықтарыңыздан бас тартуға келісім бересіз.

Жазылымды жіберу арқылы сіз, жазылымды пайдалануға немесе осыған қатысты туындайтын, осыны қоса және бұнымен шектелмей, жалған жариялау, авторлық құқықты бұзу, жеке басқа қол сұғушылық, жариялылық немесе моральдық құқықтарға және/немесе ар-ұжданға зақым келтіруден өзіңізді, өз ізбасарларыңызды, уәкілетті өкілдеріңізді және өкілдеріңізді, P&G және оның әр тиісті қызметкерлерін, директорларын, жұмыскерлерін кез келген шағым, сот, іс-әрекеттер, талаптар, міндеттер және шығындардан қорғаймын деп келісім бересіз. Жоғарыда айтылғанмен шектелмей, ешбір жағдайда құқықтарыңыздан бас тартпайсыз және жазылымды пайдалану немесе осы сияқты жазылымда көрсетілген жеке дерек мазмұнын және жоғарыда аталған ешбір P&G құқықтарын шектемейсіз.

Сіз P&G сізге жазылымды жіберуге рұқсат беру арқылы берген өкілдігіңізге, бас тартуларыңызға сенім артатынын түсінесіз. Сіз осы келісімде берілген құқықтар мен лицензияларды және/немесе релиздерді біржола тоқтатып және одан бас тарта алмайтыныңызды білесіз.

P&G сізде жазылымды өңдеу немесе жою мүмкіндігі болады деп кепілдік бермейді. Жазылым(дар)дың мазмұнына P&G емес, сіз жауапты екеніңізді түсінесіз.

Жоғарғы жаққа.

Этикалық кодекс

Сайтты немесе сайт арқылы берілген кез келген басқа функцияны пайдалану арқылы, осымен қатар және бұнымен шектелмей, жазылымды біздің сайтқа жіберген кезде, келесі этикалық нормаларды сақтаймын деп міндеттеме аласыз. Өзіңіз немесе басқа адамға немесе тұлғаға уәкілеттік бере отырып, мына әрекетті орындауға әрекеттенбейсіз:

• Сайтты осы Шарттарды бұза отырып қолдану;

• Сайттың кез келген бөлігін қайта жасау, көшіріп алу, сату немесе қайта сату немесе кез келген коммерциялық мақсатта пайдалану немесе сайтқа осы мақсатта кіру;

• Басқа адамды немесе тұлғаны саналы түрде айыптау, қоқаң-лоққы көрсету, ізіне түсу немесе әдейі ұялту;

• Басқа адам не тұлға атынан әрекет ету;

• Кез келген көп деңгейлі маркетинг немесе пирамида схемаларына қатысу, қолдау көрсету, талап ету;

• Кәмелет жасына толмаған баладан (18) жеке тұлғаны айғақтайтын деректі талап ету немесе осындай деректі пайдалану;

• Форумда монополия жасап, үстемдік ету мақсатында бірнеше жазылымды пост ретінде шығару немесе форумның тақырыбына сәйкес келмейтін жазылым постын жасамау керек;

• Троян вирустары, вирустар, зиянды кодтар немесе басқа да ақпаратқа зақым келтіретін бағдарламалар немесе материалдарды сайтқа жібермеу керек;

• Сайттардың кез келген компьютер жүйесіне немесе жабық бөлігіне кіруге немесе сайтқа, серверлерге немесе сайттарға қосылған желілерге кедергі жасамауға;

• Ешбір жеке адамның өміріне қол сұғуға, соның ішінде, жеке тұлғаны айғақтайтын ақпарат немесе осы сияқты басқа жеке, құпия деректерді олардың келісімдерін алмай жариялауға немесе сайтты пайдаланушылардың жеке тұлғаларын айғақтайтын ақпараттарын жинап алмауға;

• Қылмыстық немесе азаматтық іске апаратын немесе кез келген федералдық, штаттық, жергілікті немесе халықаралық заңдарды бұзуға итермелейтін әрекет жасауға немесе талқылауға қатысуға, қолдау көрсетуге, нұсқау беруге болмайды.

P&G барлық пайдаланушылар Этикалық кодекске немесе осы шарттың тармақтарына сәйкес әрекет етеді деп кепілдік бере алмайды және сіз бен біздің арамызда, осыған сәйкес келмеу нәтижесінде зақым не нұқсан келу мүмкіндігі барына келісеміз.

Жоғарғы жаққа.

Бізге хабарласыңыз

Шарттар сіздің сұрағыңызға жауап бермесе немесе Этикалық кодекстің бұзылғанын хабарлағыңыз келсе, мына мекенжайға хабарласыңыз:

Хат жолдау

The Procter & Gamble Company
One Procter & Gamble Plaza
Cincinnati, Ohio 45202
United States

Эл. пошта

www.pg.com сайтына өтіп, беттің астындағы "Байланыс" сілтемесін басыңыз.

Жоғарғы жаққа.

Авторлық құқық 2001-2016 P&G. Барлық құқықтары сақталған.